Жұма, 03 мамыр, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторына эпидемиологтар келді

15.02.2023

414 0

Қылмыстық  атқару саласына қарасты  №68 мемлекеттік мекемесіне Қызылорда бөлімшелік көліктегі  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары келді.

Басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Аталған мамандарға алдымен мекеме қызметкерлері мекеме ішінде дұрыс жүріп-тұру жайында түсіндірме жұмысын жүргізді. Яғни, тергеу изоляторының қауіпсіздігі аралас мекеме екендігін,  мұнда қылмыстық іске қатысты деп танылған (соның ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша да) күдіктілер, айыпталушылар, тергеудегіер мен транзиттік тасымалдаудағылар және 5 жылға дейінгі алғашқы рет сотталған азаматтардың қамауда ұсталытыны айтылды.

 Сондай-ақ келушілерге таныстарын көрген жағдайда тілдеспей, арақашықтықты сақтап жүру керектігі ескертілді. Айта кету керек, изолятордың іші-сыртына камера орнатылған.

Қазіргі кезде камерадағылар қатаң бақылауда. Қызметкерлер үнемі ішкі тәртіптік режимді қадағалап отырады. Егер қамаудағы азаматтар осы режимге бағынбаса, тәртіптік шараға тартылатындығы жайлы да, айтып түсіндірілді. Одан кейін эпидемиолог қызметкерлерге  шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың жатаханасы, мекеме асханасы көрсетілді.

Тікен сыммен қоршалған жерлерді көзімен көріп, ондағы ауыр аураны сезінген келуші өз ойымен бөлісті.

– Бұл биік қоршаулы қорғанға кіру үшін алғашқы бекетте жіті тексерістен өттік. Мұндағы бақылаушылардың бірі, тыйым салынған заттардың ішке кіріп кетпеуінің алдын алу мақсатында тексеретіндігін айтты. Өз қызметтік міндетіне жауапкершілікпен қарағандықтан, арнайы құралдарымен тексеріп, смартфонмен телефонды, бағалы заттарды тапсыруымызды өтінді. Жеке заттарымыз арнайы ұяшықтарда  тұрады екен. Одан соң, ішкі аймаққа кіріп қылмыскерлердің заңды бұзған жағдайда,  алда не күтіп тұрғанын көзімізбен көріп, ұсталыну жағдайлары жайлы естіп білдік. Мұнда қоғамнан шектелген азаматтарға жағдай жасалғанмен, бостандықтағыдай болмайтындығын байқадық, сезіндік. Сондықтан  барша мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасамауға шақырамын. Әрбір қылмыстың өтеуі жаза екенін ұмытпайық. Бүгінгідей шаралар парақорлықтың азаюуына әсер етеді деп ойлаймыз, – деді жоғарыда аты аталған мекемнің жетекші маманы Р.Нұралы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: