Жұма, 31 мамыр, 04:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Тіл – ұлттың күретамыры

27.02.2023

652 0

Сурет ашық дереккөзінен алынды

Қазақ тілі – қазақ халқының  басты рухани байлығы.  Әр халық үшін тіл маңызды құндылық. Біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес  мұра. Тілден құдіретті, бағалы  қасиет жоқ деп ойлаймын. Жарық дүниеге келген сәби бұл әлемді  қай тілмен таныса сол тіл ол адам үшін қымбат. Себебі сол тілмен ой өрісі дамып, көкірегі ашылып, көңілі небір жақсы сезімдерді тұшып, жүрек тұңғиығында сараланады.  Себебі сол тілмен алғашқы өмірде нәр беретін нұрлы асыл сөздерді атайды.  Сәбидің алғашқы ана-әке, ата-әже деген аяулы сөздері өмірді тану құлшынысының бастамасы. Тіл отбасылық қарым-қатынас қана  емес, ол қоғамдық дамудың маңызды сатысы.
Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы. Ол- ең ұлы ,  тамаша тіл.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.

Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бәрін заманнан заманға, адамнан адамға жеткізуші —  бүгінгі ұрпақ.

Бүгінгі таңда отбасындағы ұрпақ тәрбиесі- қоғамның бар саласына қатысты  мәселе. Өйткені бүгінгі шағын отбасы – ертеңгі үлкен мемлекет. Мемлекеттің тізгіні сенімді адамның қолында болу үшін ұрпаққа саналы білім қажет. Адам көп тіл білгеннен зиян көрмейді Керісінше оның талабы да, талғамы да артады. Бірақ ең басты тұғырда өз ана тілі тұруы керек. Адамның ой-өрісі өз тілінде дамып жетілгенде ғана  құндылығы артады.

 «Тіл туралы” заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру.

«Тіл – біздің тұтастығымыз”, «Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.

Тіл – әр адамның болмысы. Егер тіл жойылса адам болмысыда жойылады. Сенің қазақ екеніңді айғақтайтын таптырмас дәлел, ол – ана тілің.

Амангелді Қайырбек

Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: