Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Заң шеңберінен аттағандарға құқықтық тәрбие берілді

26.01.2023

408 0

Сотталғандарға құқықтық тәрбие беру,  қылмыстық-пенитенциарлық саясаттың бір бөлігі болып табылады.

 Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша  № 68 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға құқтық тәрбие беру мақсатында мекеменің АКАӘПТЖБ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүйелі түрде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

Мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтарға ҚР Конституциясы «Еліміздің басты заңы» деген тақырыпта  құқықтық  сабақ өтті.  Мекеме бастығымен бекітілген бұл сабақ енді әр аптаның жұма күні жүйелі түрде ұйымдастырылмақ.  Сабақты өткізудегі басты  мақсат – сотталғандарды дұрыс жаққа бұру, заңға қайшы кері әрекеттер жасаумауға тәрбиелеу.

Бүгінгі сабақ барысында заңдағы өзгерістер, жеңілдіктер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шарада сотталғандар конституциялық құрылыс негіздері, адам құқықтары мен бостандықтары туралы мағлұмат алды.

Тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Ниязов, жазасын өтеушілердің ҚР Конституциясы туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, еліміздің заңына құрметпен қарап, бағынуды үйрену, отансүйгіштік сезімдерін ояту мақсатында  мағұлмат берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: