Жұма, 17 мамыр, 13:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Жас түлектерге кәсіп таңдауға бағдар берілді

27.02.2023

699 0

  2023 жылғы 20-25 ақпан күндері Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Н.Алибаев Қызылорда қаласының №5,6,8 орта мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты мектеп бітіруші жас түлектерге кәсіп таңдауда бағдар беру болды. Полиция подполковнигі Н.Алибаев сөз басында Ішкі істер органындағы қызметтің мемлекет үшін маңыздылығы мен әрбір азаматтың Отан алдында адал қызмет атқаруы абырой болып табылатыны туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасы ІІМ жоғарғы оқу орындарына түсу тәртібі мен шарттарын түсіндірді. ҚР ІІМ М.Есболатов, Б.Бейсенов және Ш.Қабылбеков атындағы академиялар туралы айтып, толық мәлімет алу үшін брошюралар таратып берді. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде, «полиция лейтенанты» арнаулы атағы мен «бакалавр» академиялық дәрежесі берілетіні және академия түлектеріне оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беретіні туралы полиция подполковнигі Н.Алибаев атап өтті.

Кездесу соңында оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді. ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген оқушылар Қызылорда ст. ЖПб кадр саясаты тобына толық мәлімет алу үшін шақырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: