Сенбі, 18 мамыр, 19:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жолданды

04.04.2023

304 0

Ағымдағы жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған 5 (бес) сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Мәселен, Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотының 20.03.2023 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша бас бостандығынан айыру жазасының 1 (бір) ай 24 (жиырма төрт) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, бас бостандығын шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген Ш. есімді сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралды.

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп – сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.

20.03.2023 жылы істі негізі бойынша қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын өзгерту туралы қорытынды берілді.

Осыған орай, Ш. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады.

Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

Е.Жақсылықов,

Байқоңыр қалалық пробация

қызметінің бастығы м.а.

әділет капитаны                                                                              

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: