Сейсенбі, 23 сәуiр, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

29.12.2022

955 0

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мақсаты-еліміздің Конституциялық жүйесіне және Қазақстан азаматтарының құқықтарына нұқсан келтірмеу. Ең қауіптісі-сыбайлас жемқорлық  демократияның дамуына және қоғамға кері әсер ете отырып, заңға деген көзқарасты кері қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлық заңсыз түрде ақша алу, қымбат зат немесе заңсыз көмек алу, лауазымдық жағдайды пайдаланып пайда табу сияқты жолдармен жасалады.

Сыбайлас жемқорлық  – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Сыбайлас-жемқорлықтың ең қауіпті түрі-парақорлық. Парқорлық, жемқорлық – бұл өз мүддесін ғана ойлап, заңды айналып өтіп, материалдық және заңдылық артықшылықтарын иелену.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу  Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай қайсысын да қатты алаңдататыны мәлім. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптарының бірі демократияның дамуына және қоғамға кері әсер ете отырып, заңға деген көзқарасты кері қалыптастырады.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нысанасы екі негізгі мақсатқа бағытталған: бірінші-кішкентай кезінен бастап, ұлттық дәстүрлерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру; екінші-мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылауды дамыту.    

Сот жүйесі органдары да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда біршама жұмыстар атқарып келеді. Облыстық соттың ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алдын алу, аудандық және оған теңестірілген соттардың сот приставтары күнделікті ғимарат ішін, сот ұжымы мен келуші тараптарды ұдайы бақылауда ұстайды. Аптасына бір рет сот төрағасының жеке қабылдауы өткізіліп, барлық соттарда сенім телефондары жұмыс жасайды.

Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында  артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

Задаев Қолғанат    

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: