Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ

13.09.2023

395 0

Ағымдағы жылдың 12-тамызы күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен, жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алдымен кадр саясаты тобының маманы өз сөзінде, сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстарды санамалап, « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Яғни, қарапайым пара берушілер мен делдалдар үшін салынатын айыппұл мөлшерінінің өскендігі мен сотталған жағдайдағы жаза мерзімінің ұлғайтылғандығы жайлы да нақты дәлелдер келтірді.
Мысалы, бұрын ҚК-нің 367-б 2- бөлігінде «айтарлықтай пара беру» қылмысы үшін ең жоғарғы санкция бес жылға бас бостандығынан айыру болса, қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жеті жылға дейін ұлғайтылып, бұл қылмыстың ауыр құқықтық салдары бар санатқа жатып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға тыйым салынатындығын баса айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір қызметкердің ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез – құлық нормасына айналуы тиіс. Жеке құрам бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаса, қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтанда, тергеу мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес, үздіксіз жүргізілуі керек – деп, аяқтады өз сөзін кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Жаннұр Даулетиярқызы
Мөлдір Жолдасбекқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: