Жексенбі, 19 мамыр, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары

21.02.2024

339 0

Сурет: Н.Нұржаубай

 Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып  отыр. Үлкен әлеуметтік  қасірет болып  табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-бірне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны анық. Қоғамдағы белең алған ауқымды проблемалардың бірі. Ол барлық елдерде етегін кеңге жайып отыр. Әсіресе өз елімізде күннен-күнге өршіп келеді. Аталған індетке қарсы тұру, әрбір Қазақстандықтың міндеті, парызы. Ал, онымен күресті тиімді атқару дамушы еліміздің болашағы үшін маңызды рөл атқарады. Болашақ дамып келе жатқан елімізге қатер төндіріп тұрған бұл індет, ел экономикасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде аталмыш мәселе тек қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті. Сыбайлас жемқорлық –әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикалық инвестициялар тарту прцесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Жемқорлық жайлаған елде экономикалық өсім болмайды, заңның үстемдігі сақталмайды. Бұны дәлелдеудің өзі артық болар. Ал, қылмысқа бел буғандар ойлаған ниетін адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса аталған қылмыстық зардабы еселене түседі. Еліміздің құқық жүйесінде сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды әшкерелеудің түрлі тәсілдері қарастырылған. Бұл санаттағы қылмысты жасағандарға жаза да тым ауыр. Дегенмен, қулығына құрық бойлатпайтындар әлі де табылып жатыр. Қаншама адамды өздерімен бірге қылмыс құрбанына айналдыруда. Қу құлқынды ойлағандар жанындағылардың темір торға тоғытылғанын көріп тұрсада тоқтамауда. Бір өкініштісі сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды көп жағдайда лауазымды адамдардың жасауы. Мұндай шерменде болған бабаларымыз «ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер» дейді. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына, құқық принциптерінің орнығуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшысының, ел азаматтарының міндеті екендігі  көрсетілді. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы дертпен күресу болып табылады.

Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат  қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы керек. Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтылармыз деп санаймын. Жемқорлық болашағымызға балта шабады. Түйіндей айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы. Сыбайластардың сұғанақтығынан, жемсауын ғана ойлаған жемқорлардың арам пиғылынан еліміз әрқашан адал болсын!

                                                                                  Б.Изенов

  Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының аға сот приставы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: