Сенбі, 20 сәуiр, 16:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде бірқатар судьялар тағайындалды

28.03.2023

940 0

Бүгін Қызылорда облыстық сотында жалпы отырыс өтті. Облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурызындағы №150 Жарлығымен тағайындалған судьялар Қазалы аудандық сотының судьясы Бертай Серік Мұратбайұлын, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ізтілеуова Асыл Алпысбайқызын және жаңадан тағайындалған Жаңақорған аудандық сотының судьясы Пазылов Болат Самадинұлы мен Арал аудандық сотының судьясы Керуенбаев Берік Серікұлын сот ұжымына таныстырды.

Таныстыру рәсімінен соң жаңадан тағайындалған Арал аудандық сотының судьясы Б.Керуенбаев ант қабылдады. Облыстық сот төрағасы судьялардың жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қысқаша мәлімет:

Бертай Серік Мұратбайұлы Қызылорда облысында туған, 2001-2016 жылдары Қазалы аудандық сотының маманы, аға сот приставы, жетекші маман-сот приставы, жетекші маманы, бас маманы; 2016-2019 жылдары Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық сотының судьясы; 17.07.2019 жылдан осы кезге дейін Арал аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған.

        Ізтілеуова Асыл Алпысбайқызы Қызылорда облысында туған, 2001-2010 жылдары Қызылорда қалалық сотының аға маман-сот отырысының хатшысы, жетекші маман-сот отырысының хатшысы, бас маман-сот отырысының хатшысы; 2010-2017 жылдары  Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы, 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Байқоңыр қалалық сотының судьясы қызметін атқарып келген.

        Пазылов Болат Самадинұлы Қызылорда облысында туған, ҚР Президенті жанындағы басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын 2002 жылы Жаңақорған аудандық сотында іс тіркеуші болып бастап, әр жылдары осы соттың жетекші маман, жетекші маман-сот отырысының хатшысы; Астана қалалық сотының жетекші маманы, бас маман-сот отырысының хатшысы; 2009-2013 жылдары Қармақшы аудандық сотының судьясы, 2013-2019 жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бастап осы кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласының, Қызылорда облысының адвокаттар алқасының адвокаты болған.

         Керуенбаев Берік Серікұлы Қызылорда облысынының тумасы, 2022 жылы ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясын тәмамдаған. 2015 жылдан бастап осы кезге дейін Қазалы аудандық сотының жетекші маманы; Қызылорда қаласының тергеу сотының аға сот приставы, Қызылорда облысының  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы қызметтерін атқарып келген.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: