Жұма, 26 сәуiр, 06:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр өңірінің есірткімен күресшілері «Байкерлер есірткіге қарсы!» акциясын өткізді

06.06.2023

390 0

Қазіргі уақытта нашақорлық мәселесі саясаткерлерді, дәрігерлерді, мұғалімдерді, ата-аналарды мен саналы жастарды алаңдатады. Халықты психологиялық және физикалық тәуелділікті тудыратын есірткі заттарын медициналық емес қолданудың барлық жағымсыз әсерлері туралы хабардар ету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы әртүрлі жас топтарымен профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» мерекесі аясында өткізіліп жатқан айлық шеңберінде, Сырдария өзенінің жағасында, полиция қызметкерлері «Байкерлер есірткіге қарсы!» акциясын өткізді.
Нашақорлық сияқты әлеуметтік зұлымдықпен күреске Қызылорда қаласының байкерлері де қосылды. Акцияның мақсаты – қоғам тарапынан нашақорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу болып табылды.
Акция барысында Қызылорда байкерлері мен байкерлерді қолдау тобы жағаға жиналып, есірткіні қолдануға деген теріс көзқарастарын білдіріп, қаланың барлық тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Қызылорда облысының байкер қоғамдастығы облыстың түрлі әлеуметтік жобаларына қатысады, қоғам мүшелері салауатты өмір салтын ұстанады және жеке бос уақытын сүйікті ісімен және өздеріне және айналасындағыларға пайдалы өткізуге болатындығын үлгі ретінде көрсете біледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: