Сенбі, 27 сәуiр, 06:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр сақшылары халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

28.06.2022

456 0

Ағымдағы жылдың 24 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері және Қарағанды облысы ПД-ң Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының тұрғыны Қарағанда қаласында құрықталды.

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары (бұзақылық ниетпен,алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен өлтіруге оқталған) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда.
Ұсталған күдікті азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полицейлер күдіктіні Қарағанды қаласындағы саябақтардың бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: