Сәрсенбі, 13 қараша, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Талап – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

06.10.2022

804 0

Бала тәртібі – басты назарда. Қазіргі таңда қоғамда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар көбейіп барады. Осы орайда,  Қызылорда облысы бойынша  ҚАЖ департаментінің Сырдария аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың,  нашақорлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау» тақырыбында  аудан орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп –лицейінің оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуге  Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Дәуірбек Ұзақбаев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты А.Созақбаев, аудандық білім бөлімінің маманы Е.Әбілдаев, аудандық пробация қызметкерлері әділет майоры Н.Дүйсенбаев, әділет аға сержанты А.Молдашев және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен  оқушылар қатысты.

Жиынды мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Алибаева ашып, кездесудің ұйымдастыруылуына тоқталып өтті. Одан соң Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Дәуірбек Бауырбекұлы сөз алып, аудан көлемінде оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты болдырмау мақсатында аудандық полиция бөлімі мен мектеп әкімшілігінің жүргізіп жатқан жұмыстарын айтып өтті. Ол өз сөзінде оқушыларды  жаңылыс басудан сақтанып,тәртіпті сақтап,  зиянды әрекеттерден аулақ болуға, жаман  іске бармауға, қылмыстан бойды  аулақ ұстауға шақырды.

Келесі сөз алған аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Ақдәулет Созақбаев,бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық –зомбылықтың өсуіне жол бермек керектігін, статистикалық есеп бойынша көбінесе құқықбұзушылыққа  әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленетін балалар баратындығын айтты.

-Сондықтан  ата-ана, мұғалім, тәртіп сақшылары  тығыз байланыста болып,әрбір жасөспірімнің тәртібі мен тәрбиесіне уақытында мән берілсе, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға септігін тигізері сөзсіз,- деді полиция лейтенанты Ақдәулет Созақбаев.

Жиын соңында мектеп оқушыларына  құқық бұзушылыққа қарсы насихаттау мақсатында түсірілген бейнероликтер ұсынылды. Оқушылар сала мамандарына көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: