Сейсенбі, 07 мамыр, 07:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторында алғашқы « Әдебиет сабағы» өтті

03.08.2022

707 0

ҚР ҚАК 105-бабына сәйкес, бас бостандығынан айырылған сотталғандармен тәрбие жұмысының міндеттерінің бірі, сотталғандардың білім және мәдени деңгейін арттыру және одан әрі дамыту болып табылады.
Осыған орай, ЗК-169/1 тергеу изоляторының қамауындағы ұсталынып отырған азаматтармен әртүрлі бағытта тәрбие жұмысын жүргізіліп келеді.

Сондай іс-шаралардың бірі ретінде мекемедегі экстремизм мен тероризм баптары бойынша сотталған азаматтары арасында « әдеби сағат» өтті.

Біз мекемедегі радикалды көзқарастағы сотталған азаматтармен ұдайы үзіліссіз жұмыс жасап келеміз.
Олардың діни көзқарасын оң бағытқа өзгерту мақсатында діни бірлестік өкілдері, мешіт имамдарымен мекеме теологтар бірлесе отырып жұмыстар атқарады Бұдан бөлек, олардың рухани жан дүниесіндегі толғанысқа толы сезімдерін ашып ояту, өздерінің бойындағы қабілеттерін көрсете білу үшін біз олармен « әдеби сабақ» өтіп тұруды қолға алдық. Өйткені қай кезеңде де, әдебиет пен өнердің кез–келген адамның сезімдеріне игі әсер етіп, рухани байлығын арттыратын күші зор.

Сондықтанда бүгін мекеменің мемлекеттік тілде аудармашы маманы Р.Абрахманова арнайы контиген арасындағы сотталғандарға алғашқы әдеби сабағын өтті- деді,мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары майор Қ.Олжабаев.

Бұл сабақта күрескер ақын С.Сейфулиннің кітаптары таныстырылды.

Сабақ барысында сотталғандарға ақынның, шығармалары, жалпы « Тар жол тайғақ кешу» өмірбаяны баяндалды. « Туған жерім- өз елім» және тағы да басқа лирикалық, патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқып берді.

Соталғандар сабаққа қызғушылық танытып,өздерінің де оқыған ақын-жазушыларының шығармаларын атап, айтып берді.

Мен мектепте әдебиет сабағын құлшына оқитынмын. Бұл бәлкім апайдың көркем бейнелеп жеткізе білгендігінен болар. Абайдың өлеңдерін әлі күнге жатқа білемін. Бүгінгі өтілген сабақтағы Сәкен Сейфулиннің туған жерге арнаған өлеңі керемет екен. Мен де, Ақтөбедегі туған ауылымды сағынып жүрмін- деп, ішкі ойын ақтарған С есімді сотталған өз еркімен Абайдың « Күз» өлеңін жатқа оқып берді.

Осылайша , өздерінің ішкі сезімдерімен бөлісіп, туған жерге, туыстарына деген сағыныштарын еркін жеткізген сотталғандар осындай әдеби сабақтардың жиі өтілуін сұранды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: