Дүйсенбі, 04 қараша, 03:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторында жарты жылдық жұмыс нәтижесі қортындыланды

20.07.2022

740 0

ЗК-169/1 тергеу изоляторында 2022 жылдың жарты жылында мекемедегі атқарылған жұмыстарды қортындылау мақсатында Қызылорда облысының ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі М.Нәкеновтың төрағалық етуімен жедел кеңес отырысы өтті.

Жедел кеңеске мекеме бастығы әділет майоры Илясов Қайырбек Есентайұлы мен бөлім бастықтары, жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлер қатысты.

Жиынды департамент бастығының орынбасары ашып беріп, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібі бойынша мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары бойынша орынбасары, әділет капитаны А.Әмірбек алты айда атқарылған жұмыстардың қортындысы жайындағы дайындалған баяндамасын оқыды.

Баяндаманы тыңдаған әділет полковнигі М.Нәкенов мекеменің қауырт жұмысы барысындағы жіберілген кемшіліктеріне ерекше назар аударды.

Соның ішінде , Режим және күзет бөліміне, кезекші бөлімге,тәрбие бөліміне бірқатар сын-ескертпелер айтты.

Айтылған кемшіліктер бойынша мекеменің кіре берісіндегі № 1 бақылап өткізу бекетіндегі тексеру- тінту жұмыстары қатаңдатылып, тексеруге қажетті техникалардың толық жұмыс жасауы және мекемеде соқыр аймақ болдырмау мақсатында әліде тиісті шаралар атқарылуы керек деген ұсынысын білдірді.

Сол сияқты күн тәртібінен түспейтін басты мәселе жеке құрам арасындағы тәрбиелілік жұмыс, әсіресе, жеке құрамның арнайы контигентпен қарым- қатынас орнатуда заң талаптарына сай болуы жағына аса көңіл бөлу керектігін баса айтты. Әділет полковнигі мекемеге келген жас қызметкерлерге өзінің де ,кезінде сегіз жыл тергеу изоляторында жұмыс жасап, барлық қиындықтардан өтіп, антына адалдық танытып,өз-өзіне қатаң талап қойып, жауапкершілікпен жұмыс атқарғандығы нәтижиесінде бүгінгі мақсатына жеткендігін мысалға келтірді.

Сондықтан әр қызметкерді ҚАЖ талаптарына лайықты жүріп- тұрып, ыйықтарындаңы жұлдыздың салмағын сезініп, заң аясында, жауапкершілікпен жұмыс атқаруға шақырды.

Жиын соңында мекеме бастығы Қ.Илиясов жоғарыда көрсетілген сын-ескертпелерді жою бойынша және айтылған ұсыныстар мақсатында барлық іс шаралар қабылданатынына сенім білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: