Жұма, 22 қараша, 16:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Тергеу мекемесінде жаппай тінту жұмыстары жүргізілді

18.08.2023

392 0

          Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жаппай тінту жұмыстары жүргізілді. Тінту жұмыстарының болғаны, мекеме тәртібінің сақталуына ықпалы зор. Бұл ретте, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров, ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының АМІЖ аға жедел уәкілі әділет капитаны Р.Жамбылов, №68 мекемесі бастығы әділет майоры Қ.Ильясов бастап қатысып, РжКБ-нің бастығы әділет майоры А.Туребеков, ОПД-нің кинологиялық қызмет орталығының инспектор кинологі полиция аға лейтенанты Н.Ерболатұлы, тергеу мекемесінің жеке құрамы мен №37 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қатысты.

          Тінтудің жалпы мақсаты, №68 мекемесінде сотталғандар мен айыпталушылардың сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген азық-түліктерді, заттарды, бұйымдары және құжаттарды анықтау. Мекемедегі жаппай тінту жұмыстары 2014 ж 5 шілдедегі « ҚР Қылмыстық-атқару кодексі»  ҚР ІІМ-нің 2017ж 26 шілдедегі «ҚАЖ тергеу изоляторының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» №505 бұйрығының 3-тарауы, ҚР ІІМ-нің 20 ақпанындағы 2017 жылғы «ҚАЖ мекемелерінде ұсталынатын  адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру  мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №36 қбпү бұйрығының 5-тарауына сай жүргізіледі. Осы уақытқа дейін барлығы 478 тінту жұмыстары атқарылған.

          Тінту барысында, шеге тәріздес зат, кескіш-тескіш заттар, тіркелмеген кітаптар мен журналдар, төсек орындары, артық тамақ ыдыстары, артық киімдер, қолдан жасалынған пластмассалық бутылкалармен бекітілген гір тәріздес зат, альюмин сым қиындысы анықталған. Сондай-ақ, қара түсті «Нокиа-мини» маркалы имей коды өшірілген ұялы телофоны «актив» сим картасы табылды.

          Жаппай тінту шарасында, қол темір іздегіш құрылғысы, желілік емес локатор, иірілген сымдар, қызметтік (иіс сезгіш) «Оско» иті қолданылды. Сонымен қатар, сотталған азаматтардың қауіпсіздігі үшін арнайы бейне камера құралдарымен тексерілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: