Дүйсенбі, 07 қазан, 07:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

08.02.2021

913 0

05 ақпан күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасына қаланың екі азаматшасынан бірдей арыз түскен.

Арызда бір ер азаматтың 2020 жылдың қыркүйек айында «кәсіпкерлікті қолдау» орталығында конкурсқа қатысу үшін әр қайсысынан 600 000 теңгелерін алдап алғанын көрсеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұрын сотты болған 34 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1, 3-бөліктерімен(ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

        Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: