Дүйсенбі, 13 мамыр, 01:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның кеселі»

15.02.2024

320 0

Қызылорда облысы бойынша «Қызылорда аудандық пайдалану бөлімі» мекемесінің әскери қызметкерлері мен жеке құрам қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға бағытталған буллинг, қысым көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басқа да түрлерінің алдын алу бойынша Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесе отырып ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстары барысында ең алдымен «Қызылорда  аудандық пайдалану бөлімі» бастығының орынбасары аға лейтенант Досимов Самат Серікбайұлы отырысты ашып беріп, баяндама оқыды.

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық зомбылықтың төрт түрі анықталған. Атап айтатын болсақ:

– Күш көрсету – дене күшін қолданып, денсаулыққа қасақана зиян келтіру;

– Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау арқылы ар намысы мен абыройын кемсіту.

– Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігі сипаттағы іс-әрекеттер.

– Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Еңбек заңнамаларын қолдану тәжірибесінде жұмыс берушілер тарапынан әйелдерге қатысты заң талаптарын бұзушылықты еңбек саласындағы зорлық-зомбылық деп қарастыруға болады. Психологиялық қысым жасау, заңды кепілдіктерді орындамау сияқты келеңсіздіктерді болдырмауда, адам құқығы мен еңбек заңнамасының сақталуын, ұжым мүшелерінің әлеуметтік ахуалын қоғамдық бақылауда кәсіподақ белсенділік таныту қажеттілігі туралы пікір білдірді.

Отырысқа қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлерінің халықаралық жіктемесімен оның алдын алу себептері мен өзекті мәселелерді талқылай келе алдағы уақытта барша қызметкерлерді зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін ұстануға шақырды. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында!

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

«Қызылорда аудандық пайдалану бөлімі»

Республикалық мемлекеттік мекемесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: