Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Үш жыл бұрын жоғалған азамат табылды

08.04.2021

1156 0

Қызылорда облысының тұрғыны 2018 жылдың қазан айында 48 жастағы туған інісінің тұрғылықты үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмау дерегіне байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізуді сұраған болатын.

          Аталған дерек бойынша сол уақытта іздестіру ісі арналып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерімен жүргізілген тынымсыз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кеше, яғни 6 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен азамат Түркістан облысы, Түркістан қаласында вокзал маңында жүрген жерінен табылды.

          Қазіргі таңда ол Қызылорда облысы ПД-ң Қармақшы АПБ-не жеткізіліп, інісіне тапсырылды.

          Белгілі болғандай, жүйке ауруымен ауыратын бұл азамат алдында да үйінен кетіп қалып жүрген.  Сұрастыру барысында, жоғалған ер адам осыған дейін Алматы қаласында мал шаруашылығында  жүріп, мал бағып күнін көргендігін айтуда.

         Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: