Бейсенбі, 28 наурыз, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Үздік жедел уәкілі» полиция капитаны Мұрат Баймаханов марапатталды

06.10.2021

809 0

Қызылорда облысының Полиция департаменті Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Мұрат Алмасұлы Баймаханов «Үздік жедел уәкілі» облыстық конкурсының жеңімпазы болып, 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында М.Есболатов атындағы Алматы академиясында өткен республикалық конкурсқа қатысуға жолдама алды.

Конкурс қорытындысы бойынша Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев ҚР ІІМ жедел бөлімшелері қызметкерлері арасындағы «Үздік жедел уәкілі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Еліміздің он жеті үздік жедел қызметкерлері марапатталды.

Олардың арасында біздің криминалдық полицияның аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция капитаны Мұрат Алмасұлы Баймаханов «Үздік жедел уәкілі» номинациясына ие болды.

Мұрат криминалдық полицияда 5 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Осы жылдың өзінде ол 18 қылмысты, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмысты жеке өзі ашты. Жұбайы Әйгерім Жетесовамен бірге 3 бала, қыз және 2 ұл тәрбиелеп отыр.

Барлық жеке құрам атынан Мұратты марапатпен құттықтаймыз! Әрқашан міндеттерін абыроймен орындауды, батыл және табанды болуды, азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауда жұмыстарын адал орындауды, жас қызметкерлерге үлгі болуды тілейміз. Мықты денсаулық пен отбасына амандық тілейміз!

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: