Жұма, 26 сәуiр, 23:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

ҰҚК сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған адамдарды ұстады (видео)

17.11.2022

538 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен 20 қарашада жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Экспресс К.

Комитет Баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Олар жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекет пен құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалған , – делінген ҰҚК ақпаратында.

Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланып отырған.

Топ мүшелері «Молотов коктейльдерін» жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуылдауды жоспарлаған. Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар — Калашников автоматы, ойық ұңғылы «Меркель» мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтықтағы бөтелкелер, «бөтелке лақтырғыштар», бензин құйылған канистралар және рациялар сақтаған.

Күдіктілер Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әзірге өзге мәлімет жариялауға жатпайды, – делінген ақпаратта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: