Бейсенбі, 18 сәуiр, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ұрлық жасаған екі қызылордалық сотталды

27.01.2023

306 0

Сурет: baik-info.ru

Өткен жылдың қараша айында түнгі уақытта мекемеден  телевизор, төрт компьютерін ұрланғаны туралы арыз түскен болатын. Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті, 33 және 29  жастағы қала тұрғындары анықталып, ұсталды.

Тергеу барысында күдіктілердің жасаған заңсыз іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (ұрлық) сараланып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

2023 жылы 5 қаңтарда сотталушылар сот үкімімен кінәлі деп танылып, оларға қатысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.     

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: