Жұма, 29 наурыз, 15:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Велосипед ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

04.10.2021

583 0

30 қыркүйек күні қала тұрғыны көп қабатты үйдің подъезінде тұрған велосипедін ұрлап кеткені туралы Қызылорда қаласы Полиция басқармасына арызданған.

Тексеру барысында, велосипедін подъезде қалдырып кеткен. Қараусыз тұрған велосипедті белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде велосипед ұрлаған облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдеме ретінде велосипед алынды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: