Жұма, 19 сәуiр, 09:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Жасөспірім және көше» жедел профилактикалық іс-шарасын өтеді

09.02.2021

1175 0

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында  қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу, кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз  түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында 2021 жылдың 10 мен 14 ақпан  күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім және Көше» жедел профилактикалық  іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасындағы топтық төбелес, суық қару тасымалдау, бопсалау сынды  қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыспайтын  ата-аналарды анықтау жұмыстарын  барынша жандандыру болып табылады.

Сондай-ақ, ата-аналарды, мұғалімдерді, БАҚ, ҮЕҰ өкілдерін, еріктілерді тарта отырып, кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: