Бейсенбі, 02 мамыр, 06:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жастар арасында спорттық сайыс өтті

29.01.2024

336 0

Қалалық прокуратура қызметінің бастамасымен қалалық пробация қызметі жастар ресуртық орталығында пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар арасында спорттық сайыс ұйымдастырды. Оған 30 жасқа дейінгі сотталған жас азаматтар қатысты. Мұндағы сайыстың мақсаты жастарды салауатты өмір салтына тартып, спорттық секцияларға қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Спорттық сайыс кезінде жастар гір тасын көтеріп, қол күрес және штанганы жатып көтеру арқылы бақ сынады.
Қызықты да тартысқа толы сайыста сынға түскендер арасыннан 4 команда жасақталды.
Нәтижесінде, «Штанганы жатып көтеру», «Гір тасын көтеру» және «Қол күрес» сайысына белсенділік танытқан командалар жүлделі орындармен марапатталып, керемет әрі тартысты өнер көрсетті.
Жүлделі I орын иегерлері «Жеңіс» командасы, II орын иегерлері «Сұңқар» командасы, III орында «Ақсуат» командаларына арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды. Ендігі, кәмелетке толмаған есептегі жастардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін құрметтей отырып, оларға қажетті жағдайлар жасалуына, яғни білім алуда, мамандықты меңгеруде, жұмысқа орналасуда, емделуде және де олардың жазаларды атқару кезінде жеке басының әлеуметтік, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз етуде орталық жұмысының басым қызметтері таныстырылды.
Алдағы уақытта жастарды қоғамдық өмірге белсенді араластыру жоспарлы түрде жүргізіледі. Кәсіп игеріп, нәсіп тауып, өмірде өз орнын қалыптастыруына да жағдай жасалатын болады. Арнайы оқыту курстарына тартылып, шеберлік сабақтарында шыңдалды. Бейресми кездесулерде пікірі тыңдалып, әлеуметтік зерделеуге мүмкіндік кеңейді.

Енді осы тәжірибелерді ескеру арқылы жаңа методика көмегімен жаңаша бағыттағы жұмыстар қарқын алмақ. Бұл бағыттағы бастама аудандарда жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: