Жексенбі, 19 мамыр, 08:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Жауынгерлік шеберліктерін шыңдады

05.04.2023

389 0

Құқық қорғау саласының кез-келген қызметкері қанша жерден жоғары жауынгерлік қасиеттерге ие болғанымен, аз ғана уақыт ішінде қаруды іске қоса алмай әрі тапаншаның ату әдісін меңгермесе бәрі бекер. Бұл тұрғыда арнайы оқу-жаттығулар маңызды рөл атқарады.

Жуырда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 түзеу мекемесінің қызметкерлері «Макаров» тапаншасын шашып, қайта жинап құрастырудан сынға түсті. Бекітілген жоспарға сай өткізілген шара барысында әрбір қызметкер өз шеберліктерін көрсетуге тырысты.

Шындығында, әрбір жауынгер ұрыс қаруын дұрыс қолдануды түсінгенде әрі ату әдістерін еркін меңгергенде ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады. Себебі, тәжірибенің барлығы да жаттығумен яғни, еңбекпен келетіні белгілі,-деді өз сөзінде мекеменің кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және дене даярлығы бойынша аға инспекторы, әділет лейтенанты Айбек Мулдашов.


Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: