Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жаза басқандарды қоғамға бейімдеу маңызды мақсаттардың бірі

07.08.2023

579 0

Бүгін аудандық жастар рессустық орталығының және аудандық пробация қызметі және аудандық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен пробациялық есепте тұрған азаматтарға эстафеталық және спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Аталған іс –шараның мақсаты- пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортқа бейімдеу болып табылады.
Спорттық шараны аудандық жастар ресустық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов пен аудандық пробация қызметінің инспекторы Ермек Шанжаров жастарға қайта қылмыс пенәкімшілік құқықбұзушылық жасамау керектігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс спорттың дойбы, шахмат, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес түрлерінен өтті. Жарысқа есептегі 30-дан астам сотталған белсенділік танытып қатысты. Арқан тартыста есептегі азаматтар бір- бір команда болып, қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып,ұйымдастырушылардың «Алғысхатымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Мәдени- спорттық шараларға жиі қатысып түрамын. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. Жарыс қорытындысымен жүлделі орын алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.
Мұндай спорттық шараларға сотталған азаматтарды жиі қатыстыру, олардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: