Бейсенбі, 02 мамыр, 04:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталушыға қатысты сотқа ұсыныс жолданды

27.03.2024

277 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылғы 18-25 наурызы аралығында облыс аумағында «Қадағалау» жедел-профилактикалық іс-шарасы (әрі қарай – ЖПІШ) өткізілуде.
Аталған ЖПІШ кезінде Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Р. есімді азаматша жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол бергені үшін 18.03.2024 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.
Яғни, сотталған Р. есімді әйел азаматша есепке алынғаннан кейін бар-жоғы үш ай уақыттың ішінде оған бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланғанына қарамастан қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын 4 (төрт)  әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол берген.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.
Қазіргі кезде аталған ұсыным іс-құжаттары Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының өндірісінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: