Сенбі, 20 сәуiр, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеп жатқан азаматтарды наурыз мерекесімен құттықтады

16.03.2023

661 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде кешкі мектепте білім беретін ұстаздар жазасын өтеп жатқан азаматтарды наурыз мерекесімен құттықтады.

Қазіргі таңда кешкі мектепте 32 сотталған білім алуда. Бұл азаматтарға Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдері білім береді. Оқуға қабылданған азаматтардың ішінде өзге ұлт өкілінен төрт сотталған бар. Білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес білім беретін ұстаздар оқушыларын келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтап, сотталғандардың өз деңгейінде білім алуларына жағдай жасағаны үшін мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлын алғыс хатпен марапаттады.

  • Кешкі мектептің ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде ашылғанына он жылға таяу уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз сотталған азаматтармен тығыз байланысып, еркіндікте жүрген оқушылармен тең дәрежеде қараймыз. Наурыз мерекесі – қазақ елі үшін жаңа жыл басы. Бостандығынан айырылған азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлап, осындай керемет мерекеде сый тартуды жөн көрдік, – деді сотталғандарға білім беруші мұғалім Гүлмира Күнтуарова
  • Көктемді асыға күттіретін наурыз мерекесі қарсаңында ұстаздарымыздың ұйымдастырған бұл шарасы бізді қуантты. Наурыз мерекесі, наурыз көже дәмі, ұлттық ойындар осы мерекенің жарқын көрінісі екені сөзсіз. Бас бостандығынан айырылып, темір ордың ар жағында отсақ та, назардан тыс қалдырмай, біз үшін арнайы уақыт бөлген ұстаздарыма ағысымды білдіремін, – деді Т. есімді сотталған азамат.
    Шара соңында ұстаздар оқушыларымен естелік суретке түсіп, ізгі тілектерін білдірді.
  • Қызылорда облыы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: