Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеушілермен тимбилдинг өтті

28.03.2023

671 0

Бүгін облыстық жастар ресустық орталығында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37(қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтарға арналған тимбилдинг өтті. Тимбилдингті орталықтың психологы Гүлжайна Нетбаева жүргізді.
Шараның мақсаты – сотталғандардың ұйымшылдығын жоғарылату, командалық рухты көтеру және сотталғандардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру.
Тимбилдинг барысында қатысушылардың өмірге деген көзқарасын, қызығушылығын арттыру, бір-біріне қолдау көрсету бағытында психологиялық ойындар ойнатылып, олардың ахуалы мен көңіл-күйлері зерделенді.

Жазасын өтеушілермен тимбилдинг өтті
  • Тимбилдинг қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Өткізілген шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, сотталған азаматтардың бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді. Ойын барысында сотталғандар өздерін бес жақсы жағынан таныстыра отырып, сұрақтарға лезде жауап беріп, командамен бірлесе өздерінің бірлігін, ынтымақтастығын көрсетті. Алдағы уақытта осы бағыттағы шараларды ай сайын тұрақты ұйымдастыру жоспарланды»,- деді мекеме психологы Ақгүл Аманова.
  • Бүгінгі тренинг маған өте қатты ұнады. Өзімді темірторда отырған адам емес, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіндім. Тренинг арқылы өз –өзіңді тануға, өзгелерге қол ұшын беріп, көмек көрсетуге шақырды. Бір сәт жабыққан көңіліміз серпіліп, жақсы көңіл күде болды. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойыша ҚАЖД
Дана Достанова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: