Жазғы демалыс – балалар үшін қуанышқа, жаңа әсерлерге толы кезең. Алайда дәл осы уақытта балалардың қараусыз қалуы, суға кету, жол-көлік оқиғаларына ұшырау, терезеден құлау, өрт және басқа да жазатайым оқиғалардың орын алу қаупі артады.
Құрметті ата-аналар! Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен сіздің жауапкершілігіңіз. Балаларыңызды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмаңыз, олардың қайда жүргенін және кіммен бірге екенін біліп отырыңыз.
Су айдындарына тек ересектердің бақылауымен баруын қамтамасыз етіңіз. Жол қозғалысы ережелерін сақтауды, бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді және қауіпті ойындарға қатыспауды үнемі ескертіп отырыңыз.
Баланың бір сәттік қараусыз қалуы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір ата-ана мен қоғам мүшесі балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауы қажет.
Баланың бақытты демалысы – оның қауіпсіздігінен басталады! Жазғы демалыс қуанышқа толы болып, қайғылы оқиғаларға жол бермейік!
Ахметова Лязат Сундетовна
Қызылорда КПБ ҚҚБ ЮПб бастығы
полиция подполковнигі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!