Дүйсенбі, 06 мамыр, 05:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам тәжік-ауған шекарасын күзеткен азаматпен кездесті

06.04.2023

399 0

7-сәуір ерлік күні. 1995 жылы ел үшін кеудесін оққа керген қазақстандық  ішкі әскердің жауынгерлері тәжік-ауған шекарасында айбынды ерліктің не екенін нақты дәлелдеп, қайтпас қайсарлық, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын.

Міне, осы ерлік болған жердегі соңғы шайқасты көзімен көріп, өзге елдің шекарасында күзетте болып келген Арысбеков Мұңайтпас  бүгінде Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде   аға корпусшысы, әділет прапорщигі болып қызмет атқарады.

Осыған орай, мекеменің кадр саясат тобы жеке құрамға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ерлік ұмытылмайды» деген тақырыпта кездесу  ұйымдастырды.

 Кездесу барысында, алдымен аға инспектор, әділет капитаны М.Тұрымбетов баяндама оқып, тарихи сәтке шолу жасады.Одан соң, сол оқиғаның шет жағасын көзімен көріп, басынан өткерген  Мұңайтпас Арысбеков естеліктерімен бөлісті.

– Көршіңнің үйінде шу шықса, сенде тыныш жата алмайсың дегендей, ол кезде мен отбасындағы жалғыз ұл болсам да, өзім сұранып  оқиға орнына бардым. Біз, 1998 жылы шеккараға барған  күннің ертесіне-ақ, тәжіктер шабуыл жасады. Әлі ол жердің қыр-сырын танып  білмеген өзімдей  соғыс көрмеген жас жігіттерге  алғашқыда қиындау болды.  Бірақ ата-бабамыздан дарыған қайсар рух бізге күш-қуат беріп, әскери борышымызды адал орындауға жетеледі, – деді ел ағасы.

Өткізілген кездесу соңында жас қызметкерлерлер қызығушылық танытып,өз сұрақтарын қойды. Алған әсерлерімен бөлісті: «Мен тәжік-ауған соғысы жайында «Қазбат» көркем фильмі арқылы ғана білетінмін. Бүгін тәлімгерім Мұңайтпас ағадан сол оқиғаның шынайы суретін естіп,білдім. Әңгіме әсерлі болды. Ағамыздың қанды қырғын қантөгістің ортасына табанды түрде  сұранып баруының өзі ержүректігі деп санаймын. Ортамызда осындай азаматтың болғанын мақтан тұтамын- деді, жас маман А.Әбдішүкір.

Ия, шынында да, жиырма  бір жыл осы  мекемеде жұмыс жасап келе жатқан ҚАЖ қызметкері ұжымға беделді, құрмет тұтар азамат. Тергеу изоляторының тегеурінді  ісіне төтеп беріп еңбек етіп келе жатқан еңбегі еленіп, ішкі істер саласындағы 10-15жыл еңбек еткені үшін медалімен   және үздік төс белгісімен марапатталған. Бүгінде кейінгі толқынды тәрбиелеуден жалыққан емес.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: