Дүйсенбі, 06 мамыр, 05:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Желілік полиция бөлімінде кездесу өтті

21.04.2023

629 0

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Баяхмет, бас маман Жанар Қозбағарова және Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі басшысының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Нариман Алибаев қатысты.
Мұрат Қадырбекұлы жеке құрамға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жанар Жалғасбайқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.
Кездесуде қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: