Жұма, 23 ақпан, 02:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2025)
20.02.2024
PDF мұрағаты

Жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған жүргізуші тағы да рөлге мас күйінде отырған

19.07.2022

422 0

Қала тұрғыны 14 шілде 2022 жылы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.


Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды. 27 жастағы жүргізушінің тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: