Сейсенбі, 16 сәуiр, 08:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

Белгілі жырау Бидас Рүстембекұлы 70 жаста

01.02.2021

7592 0

«Жыраулар үйінде» «Мәдениет саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» белгілі жырау, ұстаз Бидас Рүстембекұлының 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.

Кеште жыраулық өлкенің өрендері арнайы жыр-шумақтарымен қарсы алып, арнайы жыршы Әділхан Қуаңбаев өзінің арнауын тарту кетті.

Тағылымды шарада сөз алған аудан әкімі М. Қалдарбековке беріліп, Бидас Рүстембекұлына ізгі лебізін білдірді.

«Сан ғасырлардан бері ата-бабамыздан мұра болып қалған жыраулық өнердің алтын жібін жалғап, келешек ұрпаққа аманат етуде де қосқан үлесіңіз өлшеусіз. Сондықтанда сөз қадірін ұғынған Сіздей ардақты азаматты қашанда Қармақшы халқы мақтан тұтады. Бүгінгі мерейлі мерейтойыңызбен  шын жүректен құттықтаймын!,– дей келе халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүрлі жыраулық өнерін құрметтеп, жаңғыртуда, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіруде Бидас Рүстембекұлының ерен еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар дәстүрімізге сай мәдениет майталманының иығына шапан жауып, арнайы құттықтау хатын табыстап, құрмет көрсетті.

Мұнан соң «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л. Төрешова алып, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтауын табыстады. Сонымен бірге Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Н. Наурызбаева аймақ басшысының «Құрмет грамотасын» және басқарма басшысының құттықтауын табыстап, ізгі лебіздерін жеткізді. 

Мерейлі кеш соңы жыраулардың концерттік бағдарламасына ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: