Сейсенбі, 23 сәуiр, 16:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Кітап пен жастар – жаңа кезең бастауы

14.08.2021

2069 0

Кітап пен жастар ұғымы – ел болашағының алтын тұғыры. Жастардың кітапқа деген құмарлығы қоғамның дамуын қамтамасыз етсе, кітапхана адамзаттың болашағын жарқын етері сөзсіз. Осыған орай, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханасы «Парасат жолы» жобасы аясында «ХХІ ғасыр – жастар жылы» атты танымдық көрмені таныстырды.

Көрмені тамашалауға Бақытжан Әбдиев, Данагүл Дастанова, Зарина Санахова, Арайлым Бақтияр, Ұлдарай Жылкелдиева секілді белсенді оқырмандар қатысып, жиынның мән-маңызына қанықты. Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренада танылуына үлес қосып, өнері мен білімі арқылы елдің атын шығарып жүрген жастар туралы мәлімет айтьлды.

– Жастардың қоғам алдындағы міндеті мен орнын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлеңінен-ақ аңғару қиын емес. Ақын ақыл мен білімді тең ұстаған әрбір жас қазақтың үміті, болашағы екенін жеткізгісі келгені анық. Жастық жалын мен күш-қайрат – жастарға баға жетпес мүмкіндік. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ел мерейін асыруға қолдана білу өмірлік мақсатты айқындай түседі. Бұл ретте жасындай жарқ етіп, қазақ атын әлемге танытқан Б.Саттарханов, Д.Құдайберген, Э.Тұрсынбаева, Е.Мақсым сынды өнер мен спортта жүрген жастардың жолы кейінгі буынға өнеге болуда. Сондықтан жастардың әрбір жетістігі өзінің ғана емес, мемлекеттің де болашағына тікелей әсер ететінін ұмытпаған жөн, – деді кітапханашы Ақманат Жорабекқызы.

Шара соңында кітапхана оқырмандары өзара ой бөлісіп, үлгі тұтар тұлғалары туралы пікір білдірді. Сондай-ақ егемен елдің ертеңіне айналар жастар арман-мақсаттары арқылы кемел келешекті қалыптастыруға тырысатынын айтты.

Жиын соңында оқырмандар естелік суретке түсіп, кітапханашыларға алғыс білдірді.

Данагүл ТӨЛЕНДИЕВА,

А.С.Пушкин атындағы кітапхананың кітапханашысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: