Жұма, 29 наурыз, 15:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

13.05.2021

11136 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды elbasy.kz.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін.

Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы.

Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады.

Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын. Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!», – деді Елбасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: