Жұма, 19 сәуiр, 20:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Руханиятқа қолдау көптік етпейді

09.11.2021

1788 0

Жыл сайын жарияланатын Жолдау жалпақ жұртшылыққа жаңа үміт сыйлап, тың серпін береді. Ол ең алдымен елдің әлеуметтік-экономикалық ақуалының артуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты  Жолдауында өзекті мәселелер сараланды.

Елімізді нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдау барлық саланы қамтыды. Жаңа реформаның қабылдануы алдағы уақытта елімізге кең өріс бермек. Қазақстан дамыған мемлекеттер қатарынан көрініп, ел экономикасы жанданатындығы анық. Онда айтылған түйінді мәселелер және оларды шешуге бағытталған нақты міндеттер біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді бұрынғыдан да нығайта түспек. Жолдауда көтерілген қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және қауіпсіздік салаларындағы қандай мәселе болса да олар ел тілегін ес­керуден туғаны әрбір азаматқа түсінікті жәйт. Президенттің мәдениет қызметкерлерін қолдау туралы талабы сол саланың мамандарына серпін берді. 2025 жылға дейін кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің жалақыларын жыл сайын 20 процентке көтеру – ел руханиятына және мәдениет қызметкерлеріне деген шынайы жанашырлық.

Бұл ретте әрбір отандасымыз өз тарапынан Жолдау айқындаған мақсатқа жету жолында жұмыла еңбек етуді мұрат тұтқаны жөн.

«Мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітап­ханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында 20 процентке арттыру тапсырылады. Бұл бастаманың игілігін 600 мың отандасымыз көреді», – деді Президент.

Мәдениет саласындағы көптеген қызмет­керлердің жалақысы төмен болып келді. Мы­салы, кітапханашылар. Олардың жалақы­сына Президентіміз көңіл аударды. Олардың жалақысы жыл сайын 20 процентке көтері­летін болады. Осы категория бойынша кітап­ханашылар мен мұрағатшылардың айлығы өседі. Ғалымдар қауымын толғандырып жүрген түйткіл мәселенің бірі осы болатын. Бұл да өз кезегінде шешімін тауып отыр. Мұның барлығы тәуелсіздігіміздің арқасы екенін ұғыну керек, – дейді тарихшы, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұрлыбек Мыңжас.

Жолдауда айтылған әрбір бағдарлама жаңа­шылдыққа үндеп, барша қазақстандықтарға жауапкершілік жүктейді. Бұл – кемел келешек жолындағы жарқын қадамның бірі. Білім алудың қолжетімділігі мен кәсіпкерлердің инновациялық идеяларына қолдау көрсетілетіні де тың идеядан туындаған жоспар.

Бүгінгідей ақпарат пен жаңа технологиялардың дамыған заманында, өзгелерге үлгі болатын өркениет әлемінде өз орнымызды қалыптастыру үшін бізге бірлік пен білім қажет.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: