Бейсенбі, 02 мамыр, 09:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

5-тің сыры неде?

15.10.2022

903 0

«Топ пресс» ақпараттық порталы тамыз-қыркүйек айларындағы топ-5 рейтингісін жариялады. Мұнда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үздік бестіктің қатарынан көрінді. Жалпы рейтинг не үшін керек? Әрбір адамның күн сайын өз-өзіне есеп беру керегі секілді әкімдердің атқарған жұмысының нәтижесін бағалап, халыққа жариялау ел алдындағы есептің бір формасы секілді.  Аймақ басшысының рейтинг қорытындысымен алғашқы үздік бестіктер қатарынан көрінуі – жыл ішіндегі атқарылған жұмыстар нәтижесі.  Әкімдер жұмысын бағалаудың негізгі көрсеткіші ауыл шаруашылығы, жылу маусымына дайындық, халықпен ашық диалог, табиғи және техногендік апаттарды жою жұмыстары, инвестициялық ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижесіне қарай бағаланған.

Сарапшылар Сыр өңіріндегі ауылшаруа­шылығы саласының дамуын, жаңа мектептер құрылысының қарқын алғанын, спорт және балалар ойын алаңының салынып, тұр­ғындарды қуанышқа бөлегенін жоғары бағалаған. Мұнан бөлек, облыс орталығына жаңа жылуэлектр орталығын салу үшін инвестор табуы да аймақ басшысының іскерлігі. Сондай-ақ өңірде бірнеше ірі құры­лыстардың іргесінің қалануы, «Өнер сарайы, «Неке сарайы» құрылысының қарқын алуы да сарапшылар назарынан тыс қалмаған. Биыл шілде айында 250 отбасыға жаңа пәтер кілтінің табысталуы, жаңа автобустардың келуі өңір басшысының халық тілегіне сай қызмет атқарып жатқанының көрсеткіші ретінде бағаланған.

Аймақта жол жөндеу жұмыстары да қар­қын алғаны белгілі, биыл аймақта 347 шақы­рым жол жөнделген.

Тағы бір айта кетерлігі, Қызылорда облы­сында елімізде жалақының өсімі бойынша көрсеткіш 31,3 пайызды құрайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда екінші жарты­жыл­дықтағы көрсеткіш 24 пайызға артқан. Биыл мектеп түлектеріне облыс әкімінің 100 гран­тының бөлінуі де тұрғындарға қуаныш сыйлады.

Өңірдегі іргелі істердің нәтижесі 11 қазан күні Үкімет отырысында да жоғары ба­ға­ланды. Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында Қызылорда облысы негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша жоғары өсім көрсеткенін атап өтті. Есепті кезеңде инвестиция тарту көлемі 24%-ға жоғарылаған өңіріміз республика бойынша көш басында.

«Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Қызылорда, Алматы және Ақмола облыста­ры мен Алматы, Шымкент қалаларында бай­қалу­да», – деді министр Әлібек Қуантыров.

Бір сөзбен айтқанда, өңірде атқарылған нәтижелі жұмыстар аз емес.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: