Сәрсенбі, 13 қараша, 19:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Білім экономикасын» дамыту маңызды

15.01.2021

6781 0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған Парламенттің І сессиясын ашты. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранынан кейін Президент сөз алып, үндеу жасады. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің, Мәжілістің жаңа құрамындағы депутаттардың алдында тұрған мәселелерге тоқталды.

Президент қозғаған мәселелердің бірі – әлем елдері көп көңіл бөлген «білім экономикасын» дамыту. «Соңғы жылдары білім беру саласын реформалауда ілгерілеу бар. Сонымен қатар осыған дейін қордаланып қалған бірқатар мәселені шешу қажет. Әртүрлі әлеуметтік топтар мен аймақтар арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту – маңызды міндет. Бұл ретте қайта оқыту және қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде жетілдіру бойынша жаңа саясат қажет. Осы мақсатта арнайы жоба әзірлеп, іске асыру керек» деді Президент.

Расында да әлемнің алпауыт елдері өз экономикасы мен технологиясын дамыту үшін ең алдымен білім сапасына аса мән береді. Себебі қай саланы да ілгерілететін оның мамандары. Ал мықты кадр болу үшін ең алдымен терең білім мен ізденіс керек. Міне, сондықтан елдегі білім сапасын одан әрі ілгерілету қажет. Ұстаздар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыру маңызды. Бұл ретте Президент өз үндеуінде айтып өткен инфрақұрылымды дамыту саласы да білім экономикасына оң әсер етпек. Аудандар мен ауылдарды дамыту арқылы ол жақтағы білім беру мәселесін оңтайландыруға болатыны сөзсіз.

Алдағы уақытта сайланған депутаттар бұл мәселеге көңіл болып, тың серпін беретін жаңа жобалар дайындайды деп ойлаймын. Сол кезде еліміздің болашағы саналатын жастар сапалы білімнің арқасында білікті әрі тәжірибелі маман болатыны анық.

Айгүл Нажмадинқызы,

қалалық мәслихаттың депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: