Бейсенбі, 18 сәуiр, 07:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ел ертеңі – өз қолымызда

21.11.2022

490 0

Кезектен тыс өткен сайлауда халықтың билікке деген көзқарасынан оң өзгеріс байқадық. Себебі, жасынан жасамысына дейін азаматтық құқығын пайдалана отырып, жауапкершілік танытып, ел үшін таңдау жасады.

Тасбөгет кентінде орналасқан сайлау учаскелері өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарды. Тұрғындардың саяси белсенділігінің артуы, ел ертеңіне сенім білдіруі мені қуантты. Бұл – тек біздің кентте ғана емес, облыс бойынша қарқын алған науқан.

Бұл сайлауды еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғыртудың тетігі ретінде қарастыруымыз керек. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын»- демекші, ел болып, халық болып, еліміз үшін таңдау жасамасақ, жаңа дәуірге қадам баспаймыз. Ел ертеңі – елім деп елжіреген ерлер қолында!

Ақылбек АРЫСТАНОВ,
Тасбөгет кенті, жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: