Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Еліміз ауызбіршілік танытты

21.11.2022

1100 0

Құрметті ағайын! Кешегі Президент сайлауы өте жоғары деңгейде өтті деуге болады. Халықтың науқанға қатысып, ел басқарар азаматты таңдауға ерекше белсенділігі байқалды дер ем. Өзім де жұртшылықпен бірге азаматтық парызымды орындап, үлесімді қостым: сайлау учаскеме барып, дауысымды бердім. Сонда аңғарғаным: дауыс беруге келген азаматтардың жүзінде бір қуаныш сезімі, болашаққа деген сенімділік бар секілді көрінді. Яғни, өз таңдауын жасай отырып, елдің жаңа даму кезеңіне аяқ басуына, ел болашағының жаңа бір бағытқа жол бастауына үлесін қоса алатынына халық сеніммен қарай бастады.

Науқан аяқталған соң сайлаудың алдын ала нәтижелерін де ақпарат көздерінен естіп қалдық. Облысымыз ел бойынша екінші орында екен. Бұл өңір халқының ауызбіршілігін, ұйымшылдығын, ел тізгінін ұстайтын азаматтарға, билікке деген сенімін білдірсе керек. Елімізге тыныштық, халқымызға амандық тілейміз!

Рамазан МОЛДАШЕВ,
Тасбөгет кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Қызылорда қаласының Құрметті азаматы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: