Сейсенбі, 16 сәуiр, 18:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Exit poll: Сайлаушылардың 80%-дан астамы Тоқаевқа дауыс берді

21.11.2022

590 0

Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала үш exit poll деректері жарияланды. Ақпаратқа сәйкес сайлаушылардың 80%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ашық қоғам» институтының мәліметінше, Қарақат Әбден 2,54%, Нұрлан Әуесбаев 2,17%, Жигули Дайрабаев 3,33%, Мейрам Қажыкен 2,23% дауыс жинаған. Салтанат Тұрсынбекова 2,08% дауыс жинаса, Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45% жинады.

Дауыс берушілердің 5,2% “Бәріне қарсымын” нұсқасын таңдаған. Сонымен қатар дауыс беруге құқылы азаматтардың 68,7%-ы сайлауға қатысыпты. 

Ал Қоғамдық саясат институты жүргізген еxit poll нәтижесі бойынша сайлаушылардың 85%-дан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Еxit poll 70 мыңнан астам азаматты қамтыған. Ал өзге кандидаттар келесідей дауыс жинаған:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52%;

Жигули Дайрабаев – 2,67%;

Қарақат Әбден – 2,61%;

Мейрам Қажыкен – 2,43%;

Нұрлан Әуесбаев – 1,93%;

Салтанат Тұрсынбекова 1,44%.

Ал бәріне қарсымын бағанына дауыс бергендердің 3,4% белгілеген.

«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының еxit poll қорытындысы мынадай:

Қарақат Әбден – 2,84%;

Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;

Жигули Дайрабаев – 3,68%;

Мейрам Қажыкен – 2,62%;

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;

Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;

Бәріне қарсымын – 4,22%.

Үш еxit poll қорытындысы бойынша да Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: