Дүйсенбі, 06 мамыр, 07:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

21.11.2022

470 0

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев сайлаудағы жеңістің мемлекет басшысы ретіндегі беделінің айғағы екенін атап өтті. 

«Сізді Қазақстан республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі», – делінген құттықтауда.

Назарбаев Тоқаевқа алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіне тілектес екенін жеткізді.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауының алдын ала үш exit poll деректері жарияланды. Ақпаратқа сәйкес сайлаушылардың 80%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: