Дүйсенбі, 27 қаңтар, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6,2119
25.01.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін

26.01.2025

212 0

Egemen.kz

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметтен кету мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Sports.kz порталы таратқан сәліметтерге сенсек, Қазақстан футбол федерациясы бас бапкер қызметіне үміткерлердің қысқа тізімін дайындаған. Тізімде Черчесовты ауыстыра алатын шетелдік мамандар бар.

Айта кетейік, Оның отставкасына себеп ретінде федерация құрылымындағы өзгерістер аталады. Мысалы, 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды.

Бұған дейін Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында алты ойын өткізді. Нәтижелері көңіл көншітпейді: бес жеңіліс, бір тең ойын және бірде-бір соғылған гол жоқ.

Федерация басшылығы әзірге ресми мәлімдеме жасамағанымен, бапкерлік штабқа қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: