Сейсенбі, 23 сәуiр, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тоғызқұмалақтан облыстың ашық онлайн біріншілігі өтті

15.02.2021

8154 0

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 14 ақпанда тоғызқұмалақтан облыстық ашық онлайн біріншілігі аяқталды.

Жарыс тоғызқұмалақ алаңында швейцар жүйесімен 11 турда өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 144 спортшы қатысты.Нәтижесінде ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, батысқазақстандық Жарасхан Сағынбаев бірінші орынды жеңіп алды. Спорт шебері, Азия чемпионы, қызылордалық Дамир Ахметов – күміс жүлдені иеленді.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, тұңғыш Әлем чемпионы, шымкенттік Ғалымжан Темірбаев пен спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері, қарағандылық Асылхан Қожанәсіп қола жүлде еншіледі.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медаль, естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: