Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Токиодағы Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

21.07.2021

1529 0

Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушы комитетінің бас директоры Тосиро Муто егер жағдай ушықса, дүбірлі дода кейінге қалдырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Егер спортшылар арасында коронавирус өршіп кетсе, онда ұйымдастырушылар шұғыл түрде кеңес өткізіп, Олимпиада ойындарын кейінге шегеру қарастырылмақ. 

«Біз қанша адам коронавирус жұқтыратынын болжай алмаймыз. Егер жағдай қиындап кетсе, не істеу керектігі жайлы ойланамыз», – деді Олимпиада ойындарының өкілі. 

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, спортшылар арасында 68 адам коронавирусқа шалдыққан. 

Бұған дейін Жапония тек 26 сайыс көрермен қатысуымен өтетінін хабарлаған еді. Қалған 724 жарыс ойындарына тек спортшылар қатысады. Ал 12 шілде 22 тамызға дейін Токиода төтенше жағдай режимі енгізіледі. 

Айта кетсек, Токиодағы Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға қалдырылған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: