Жұма, 11 қазан, 07:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қарты бар ел қазыналы

01.10.2022

697 0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қолдауымен 1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» мекемесінде  қайырымдылық кеші өтті.

«Қарты бар ел – қазыналы» тақырыбымен өткен шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Халилуллаев, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығы, полиция подполковнигі  Бейжігіт Оспанбеков, «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы Бақтияр Оспанов қатысып, ізгі лебіздерін арнады.

Кеш барысында қазыналы да ардақты қарттарымызға арнайы ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары әсем ән айтып, көркем би билеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ұйымдастырушыларға ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: