Сенбі, 18 мамыр, 05:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

12.12.2022: Бұл ерекше күн нумерологияда не білдіреді?

12.12.2022

689 0

Сандар адамдарға өзін және айналасындағы жағдайларды тануға көмектеседі, ал қайталанатын сандар адамдарға ерекше әсер етеді.

12.12.2022 – осы жылдың соңғы айналы күні. Қайталанатын сандардың күшті энергетикасы бар және күнді ерекше әсерлерге толтырады. Бұл күнді барынша өнімді өткізу үшін жоспар құруға және болашақ жайлы армандауға уақыт бөлу керек. Күн күшті энергетикаға толы болғандықтан, сіздің ойларыңыз жылдам әрі нақтырақ қажет деңгейге жетеді.

12.12.2022 мерзімінде көзге бірден «2» саны түседі. Бес рет кездесетін «2» саны өміріңізге береке тартуға көмектеседі. Алайда әр санның екі жағы бар: жағымды және жағымсыз.

«2» саны бірлікті, үйлесімділікті және мәмілегерлікті білдіреді. Бұл күні түрлі келіссөздер жүргізуге болады және бұрыннан келіспей жүрген адамыңызбен достасуға мүмкіндік туады. Бұл күн ұжымдық жұмысқа қолайлы: бұл күні жұмыс әдеттегіден өнімді болмақ.

Бұл күндегі «2»-нің жағымсыз тұсынан сақтаныңыз: екіжүзділік, құпиялық, жымсықтық. Сондықтан келіссөздер мен қаржылық келісімдерді жақсылап тексеріңіз. Сізді бұл күні өтірік айтуға, жауапкершіліктен қашуға және өсек айтуға еліктіруі мүмкін. Сондықтан бұл қылықтардан аулақ болыңыз.

Сондай-ақ күн мен ай қосындысы жыл қосындысына тең. Екі жақтан да 6 саны шығады. 6 санының жағымды тұсы – үйлесімділік, сұлулық және байланыс (келісімге келу) саны. Ал жағымсыз тұсы – басқалардың пікіріне тәуелділік және перфекционизм.

«6» саны да «2» саны секілді бұл күні түрлі келісім жасауға болатынын көрсетеді. Бұл күнді сондай-ақ «әйелдер күні» десе болады. Себебі бүгін сұлулықпен және сырт келбетпен байланысты нәрселерге қолайлы. Кез келген бьюти-процедураларға, әдемі заттар сатып алуға  уақыт бөлуге болады.

Ең бастысы, «6» саны – махаббат белгісі. Өзіңізге, серігіңізге және әлемге деген махаббат. Бүгін өзіңіз үшін маңызды нәрсе жасаңыз. Сізді бақытсыз ететін адамдарға немесе заттарға «жоқ» деңіз. Әлемге деген махаббатыңызды көрсетіңіз: құстарға жем шашыңыз, жануарлар үйіне кез келген сома аударыңыз, суды үнемдеңіз. Серігіңізге махаббатыңызды білдіріңіз. Жүрегіңізге қымбат адамға сезіміңізді тағы бір рет білдіру ешқашан артық етпейді. Бүгін романтикалық кездесуге баруға, сыйлық жасауға немесе отбасылық романтикалық кеш ұйымдастыруға болады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: