Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

2023 жылы Ораза қашан басталады?

06.10.2022

1598 0

2023 жылы қасиетті Ораза айының басталар күні белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталатынын айтты, – деп хабарлайды «КТК» арнасы. 
Осылайша бес парыздың бірі – Ораза келер жылы наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді. 30 күнге созылатын Рамазан айынан соң, Ораза айт 21 сәуірге бекітілген.
Ал Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне бекітілсе, Құрбан айт 28 маусымға бекітілді.
Хижра айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметі негізінде жасалған. Сондай-ақ, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың толуына байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.
massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: