Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

4 наурызға арналған жұлдыз жорамал

04.03.2024

640 0

Сурет: sotni.ru

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін отбасында келіспеушіліктер туындауы мүмкін, жағымсыз жайттардың алдын алу үшін оны сабырмен шешіңіз.

Торпақ

Кез келген ағаттыққа қатал қарамаңыз. Жақындарыңыздың көңіл-күйін бұзып аласыз.

Егіздер

Балаларыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Егер сіз олардан эмоционалды түрде шаршағаныңызды сезсеңіз, психологтың көмегіне жүгініңіз немесе қуаныш сыйлайтын хоббимен айналысыңыз.

Шаян

Отбасында тұрақсыз эмоционалды атмосфера болуы мүмкін. Шешімдеріңізге абай болыңыз.

Арыстан

Іс-әрекетіңіздің жоспары мен перспективасын отбасы мүшелерімен талқыламаңыз. Бәрін тура мағынасында айтудан сақ болыңыз. Оларға әзірге бұл қажет емес.

Бикеш

Бос уақытыңызды отбасыңызбен қызықты өткізіңіз. Отбасылық отырыста белсенділік көрсетіңіз және демалыс шараларын ұйымдастырыңыз.

Таразы

Жақындарыңызға барынша қамқорлық жасап, назар аударыңыз. Бұл отбасылық қарым-қатынас пен сенімді нығайтатын уақыт.

Сарышаян

Өз қалауыңызға мұқият қараңыз: қазір белсенді болатын уақыт. Сонымен қатар жақын адамдарыңыздың сыны мен объективті кеңесін қабылдай біліңіз, ашық болыңыз.

Мерген

Отбасыңыз үшін жақсы нәрсе жасаңыз, сонда тыстағы шаруаны аяқтау сізге оңайырақ болады.

Тауешкі

Facebook-тен аккаунт ашып көріңіз. Онда сіз көп таныстарыңызды таба аласыз, соның ішінде көршілеріңізді, олардың отбасы мүшелерін тауып қалуыңыз мүмкін. Рецепт, сыйлық жасауға идеялар, жөндеу бойынша кеңестермен алмасыңыз.

Суқұйғыш

Отбасыңызбен уақыт өткізу өте жақсы идея туып қалуы мүмкін. Балаларға көңіл бөлуді ұмытпай, үй жұмысын қатар алып жүруге болады.

Балықтар

Отбасының қаржылық жағдайы жақсарып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізесіздер. Жақындарыңызбен сөйлескенде шыншыл болыңыз, сіздің түсінігіңіз бен ашықтығыңыз оларға ұнайды.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Сіз достығыңыздың нығая түскенін сезінесіз. Бір-біріңізге сеніңіз және пікірін құрметтеңіз.

Торпақ

Сізбен ұзақ уақыт дос болған адам туралы жақсы жаңалық естисіз. Кей достарыңыз жақында өзін жаңа қырынан көрсетеді.

Егіздер

Достық қарым-қатынасыңызды жаңартыңыз және ортаңызды кеңейтіңіз. Жаңа адамдармен танысу өмір сапасын жақсартады. Жаңа таныстарға мұқият болыңыз және ескі достарыңызды ұмытып кетпеңіз.

Шаян

Егер конструктивті кеңес бере алатын немесе тіпті іс жүзінде көмектесе алатын достарыңыз болса, бұл сіздің мансабыңызға оң әсерін береді. Келесі шешім қабылдағанда осыны есте сақтаңыз.

Арыстан

Уақытты достармен қызықты өткізіңіз: табиғат аясына шығыңыз, спорттық іс-шара ұйымдастырыңыз немесе дүкенге барыңыз. Жаныңызға біреуді табу қиын болса, жақын адамдарыңызды жай сөйлесуге немесе кей тақырыптарды талқылауға шақыра аласыз.

Бикеш

Бұл күні жақын достарыңызға жоспарларыңызды, армандарыңызды және күмәндарыңызды бөлісе аласыз.

Таразы

Уақыт достықпен сыналатынына, алтын отпен сыналатынына сенімдіміз. Сондықтан келіспеушіліктерді шешуде достарыңызға жұмсақ болыңыз және әлемге кең көзқараспен қарауға тырысыңыз.

Сарышаян

Бүгін үйдегі барлық ұсақ-түйек мәселелерді қойып, қарым-қатынасқа көңіл бөлуге тырысыңыз. Достар сізге көп нәрсе үйрете алады.

Мерген

Жақсы дос іздеуге көп уақыт жұмсамаңыз. Сіз бұрыннан білетін жақсы адамдар бар. Оларға жомарт болыңыз. Жаңа адамдарға құрмет көрсетіңіз.

Тауешкі

Адамдармен қарым-қатынаста жағымсыз жайттарға тап болуыңыз мүмкін. Достарыңыздың арасында шынайылық пен ашықтық туралы тақырып көтеріңіз, әйтпесе олар сіздіғ дауыс көтергеніңізді түсінбей қалуы мүмкін.

Суқұйғыш

Бүгін достармен қарым-қатынас өте үйлесімді болады, достық қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз. Бәлкім демалыс күнді көңілді өткізуге жақсы серік тауып қаларсыз.

Балықтар

Достарыңызды құшақтап, мейірімділік танытыңыз. Оларға жай ғана көңіл аударыңыз. Бұл сіздің көңіл-күйіңізді жақсартады.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: